Сұрақ қою

Бір сұрақ

  • Мурадым

    Құрметті Бекет Азамат Бауыржанұлы сіздің жасаған еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!.Сіз келгелі Батыс Қазақстан өңірі соның ішінде Орал шаһарындағы болып жатқан спорттық шаралар жақсы жолға қойылып келеді.Оны күнделікті өмірде көріп те,біліп те жүрміз.Салынып жатқан спорттық кешендер де осының дәлелі.Тіпті Геннади Головкинмен бірге қуанып,Ақжайық футбол клубының әрбір жеңісіне жанкүйер болып, балаша қуанып жүргеніңізді де жақсы білеміз.Сондай бір спорт жанкүйерлерінің бірінің атынан бір өтініш айтсам деп едім.Мүмкіндігі болса әрине 7 микрайон 9 үйдің жанынан балаларға арналған спорт алаңын салғызуға көмектессеңіз. Өйткені ЗАГС,Мастер көлемді кешендердің қасында жаз кезінде автомашиналарға лық толы,тойға келген адамдар соның ішінде араласып жүрген балалар.Жолға ойнау өте қауіпті.Әрине мұның бәрі жоспарланған қаржы мәселесіне тірелетіні анық. Дегенмен де алдағы уақытта «егер мүмкіндігі болса «осы өтініш қатеріңізде жүрсе жақсы болар еді. Алдын ала рахмет!

    • БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Авторы

      Құрметті спорт жанашыры!

      Сіздің ел болашағы – жас ұрпақтың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, өңір спортының дамуын көздеген проблемалық мәселені көтеріп, азаматтық белсенділік танытқаныңыз үшін зор алғысымды білдіремін.
      Өзіңіз жазғандай, бүгінгі таңда өңір спорты серпінді дамып, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп келеді.
      Облыс тұрғындарының спортқа қолжетімділігін қамтамасыз ету, спорт секцияларының желісін кеңейту мақсатында қаланың барлық аймақтарында заманауи спорт объектілерін салу жоспарланып отыр. Алайда, өкінішке орай, спорт объектілерінің тапшылығы әлі де жойылар емес.
      Қазіргі уақытта Сіз жазып отырған Орал қаласының № 6, 7 және Жаңа Орда шағын аудандарында 4 спорттық алаңқайлары жұмыс істейді. Сондықтан, аталған мекенжай бойынша әзірше спорт объектілерін салу жоспарланып отырған жоқ. Халық тығыз орналасқан аудандарда спорт алаңдарын салу келешектің еншісінде. Сондықтан, алдағы уақытта Сіздің ұтымды ұсынысыңыз ескерілетінін қатеріңізге саламыз.

      Спорт алаңқайлары туралы ақпарат:
      1. Хоккей қорапшасы 6 ш/а, 66 үй 2009 ж.
      2. Ойын спорты түрлеріне (шағын футбол, волейбол, баскетбол) арналған спорттық алаңқай Жаңа Орда ш/а, 3 2012 ж.
      3. Ойын спорты түрлеріне (шағын футбол, волейбол, баскетбол) арналған спорттық алаңқай 6 ш/а, 21,22 үй 2013 ж.
      4. Ойын спорты түрлеріне (шағын футбол, волейбол, баскетбол) арналған спорттық алаңқай Жаңа Орда ш/а, 25 2015 ж.

Сұрақ қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған


*